Бокстан Қазақстан әйелдер командасының тағы бір мүшесі Таиландтағы іріктеу турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
60 келі салмақта сынға түскен Римма Волосенко келесі айналымға өте алмады.
Ол үндістандық Анкушита Бородан жеңілді. Тартысты жекпе-жекте төрешілер жеңісті үнділік спортшыға берді.
Айта кетелік, бұған дейін Ұлжан Ибраим (54 келі) мен Наталья Богданова (66 келі) жарысты аяқтады.