Мүмкіндік әлі бар: Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалда жеңіліс тапты

Мүмкіндік әлі бар: Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалда жеңіліс тапты

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Мұхамедсабыр Базарбайұлы жеңіліс тапты, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

63.5 келі салмақта өткен ширек финалдық кездесуде Базарбайұлы кубалық Эрисланди Альвареске есе жіберді. 

Десе де, қазақстандық боксшы жолдама алу мүмкіндігін әлі жоғалтқан жоқ. Жарыс ережесі бойынша 1/4 айналымда жеңілген екі боксшы өзара кездесіп, соңғы квотаны сарапқа салады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ