Екатерина Шабалина: Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқалы отырмын

Екатерина Шабалина: Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқалы отырмын

Екатерина Шабалина Олимпиада ойындарында триатлоннан ел намысын қорғайды. Ол рейтинг бойынша басты додаға жолдама алды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Квота алған соң көңілімде тыныштық орнады. Әзірге, толық сезініп үлгергенім жоқ. Олимпиадаға алғаш рет барғалы отырмын. Бұл мен үшін, менің командам үшін, туыстарым мен жақындарым үшін үлкен жетістік.  Іріктеу кезеңі 2022 жылы басталды. Бапкерім Максим Крятпен бірге жоспар құрып, Азия чемпионаты мен Азия ойындарында жиған ұпайдың арқасында қарсыластардан оқ бойы озық болдым. Іріктеу кезеңі аяқталғанға дейін қарқынды түсірмедім, барлық іріктеу жарыстарына қатысады.  Жаттығудың басым бөлігі Назарбаев Университеті жанындағы Атлетикалық орталықта өтті. Онда жаттығуға бар жағдай жасалған: 50 метрлік бассейн, триатлонға сай жабдықталған жаттығу залы.  Қазір мен Италияда, теңіз деңгейінен 1600 метрде жаттығудамын. Олимпиада Парижде өтетіндіктен, сағат белдеуі мен климатына ұқсас жерде дайындалу маңызды.  Ойын басталғанша Еуропада өтетін үш жарысқа қатысамын», - деді Шабалина. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер...

Жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 508,3...