Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Эдуард Ким жеңіске жетті, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол жекелей сында 204.3900 ұпай жинап, чемпион атанды. Бұл Кимнің әлем кубогіндегі жекелей сында алған алғашқы алтын медалі.
Күмісті италиялық Филипо Пелати (198.1749), қоланы америкалық Кеннет Гаудет (180.3716) еншіледі.