Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева Қазақстан футбол федерациясының конференциясына қатысты

Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева Қазақстан футбол федерациясының конференциясына қатысты

Бүгін, 5 маусым күні Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс XXIV Конференциясы өтті, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Федерация мен Атқарушы комитет мүшелері, аймақтық футбол федерациясы, сондай-ақ, УЕФА және ФИФА өкілдерімен бірге жиынға Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Жанар Утешева қатысты. 

Айта кетелік, Конференция ҚФФ-ның Халықаралық футбол қауымдастығына кіргеніне 30 жыл толуы қарсаңында өтті. 

Күн тәртібінде қаралған маңызды мәселелер қатарында ҚФФ Жарғысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы сауалдар да қарастырылды.  

2023 жылдан бастап ҚФФ ФИФА және УЕФА өкілдерінің қатысуымен «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына, ХОК, Қазақстан ҰОК жарғыларына, сондай-ақ әлемдік футболдағы үрдістерге сәйкес өз Жарғысын жаңарту бойынша жұмыс жүргізіп келеді.

«Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Геннадьевич Головкиннің және жеке өзімнің атынан Қазақстан футбол федерациясы мен барша футбол жанкүйерлерін Халықаралық футбол федерациясының құрамына енгеніне 30 жыл толуымен құттықтаймын. Жаңа басшылықтың келуімен Федерацияның екінші тынысы ашылды десем, қателеспейтін шығармын. Мұны біз құраманың нәтижелерінен де, федерацияның белсенді жұмысынан да көріп отырмыз. Бұл, сөз жоқ, ұлттық федерацияның дұрыс бағытта екенін байқатады. Отандық футболды дамыту жолында сіздерге табыс тілейміз», - деді Жанар Утешева. 

Сондай-ақ, Қазақстан ҰОК бас хатшысы қазақстандық федерацияның халықаралық ұйыммен әріптестікті нығайтып, тығыз қарым-қатынас орнатқанына ерекше назар аударды. Өйткені, Олимпиадалық комитеттің жаңа басшылығы тарапынан осы бағытқа айрықша көңіл бөлінуде. Ол федерацияның осы бағыттағы басталамаларына, 

Ол федерацияның осы бағыттағы, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту және еліміздің барлық өңірлерінде спортты жаппай дамытудағы бастамаларына қолдау білдірді.

Айта кетелік, Конференция  барысында еліміздегі балалар футболын дамытуға арналған бағдарламаның таныстырылымы өтті. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...