Қазақстандық стенд атушылар Италиядағы халықаралық турнирден жүлде алды

Қазақстандық стенд атушылар Италиядағы халықаралық турнирден жүлде алды

Стенд атудан Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан Green Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

"Скит микс" жаттығуында Эдуард Ещенко мен Диана Сабекова жұбы үздік үштікке еніп, қола жүлдегер атанды. Ал "трап"  жаттығуы бойынша қазақстандық Виктор Хасянов чемпион атанды. 

Айта кетелік, турнирде жүлде алған Эдуард Ещенко Париж Олимпиадасына іріктеуден өткен. 

Тоди қалсындаңы турнир 22 мамыр мен 9 маусым аралығында өтіп жатыр. 

Жарысқа әлемнің 20 мемлекетінен 350 спортшы қатысуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Президент көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі...

Елімізде бір жылда көлік саны 300 мыңға ұлғайды. Өтіп бара жатқан көліктің транзиті 3 млн бірлікке дейін артты. Бұл ретте инфрақұрылым әлсіз...