Алматыдағы іріктеу сыны: Елдос Сметов бірінші белдесуде жеңді

Алматыдағы іріктеу сыны: Елдос Сметов бірінші белдесуде жеңді

Алматыда дзюдодан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды. Алғашқы белдесуде Елдос Сметов жеңіске жетті, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетелік, аталған іріктеу 60 келі салмақтағы балуандар арасында өтуде. Бұл салмақта үш қазақстандық спортшы әлемдік іріктеуден өткен болатын. 

Басшылық Парижге баратын үздікті анықтау үшін шағын турнир өткізуде. 

Бірінші белдесуде  Мағжан Шамшадин мен Елдос Сметов кездескен болатын. Спортшылар ұзақ уақыт бойы өзара мықтыны анықтай алмады. Нәтижесінде, үш ескерту алған Шамшадин жеңіліс тапты. 

Бұл сында Нұрқанат Серікбаев та белдеседі. Спортшылар өзара кездесулер өткізеді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...