Таеквондо федерациясының бас хатшысы Олжас Бесбаев Париж Олимпиадасына жолдама алған екі спортшының дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
"Таеквондодан Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшыларымыз жоспар бойынша дайындалып жатыр. Қазір біз оларды физикалық тұрғыдан одан әрі жақсарту үшін шетелдік мамандарды іске қостық. Екі спортшы да Азия чемпионатына қатысқан жоқ. Париж Олимпиадасына үлкен дайындықпен барамыз", - деді Бесбаев.
Айта кетелік, Париждегі жазғы ойындарда таеквондодан Қазақстан намысын Самирхон Абабакиров пен Батырхан Төлеуғали қорғайды.