22 мамырда Италияның Тодо қаласында басталған спорттық атудан Green Cup халықаралық турнирінде Қазақстан жастар құрамасы жүлдегер атанды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Стенд атудан командалық жарыста Қазақстан "скит" жаттығуы бойынша финалға шығып, күміс медаль иеленді.
Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Адель Садақбаева, Диана Сабекова, Ангелина Сорокина қорғаған.
Айта кетелік, турнир әлі жалғасуда. Қазақстан еншісінде жалпы есебі 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бар.