Шорт-тректен әлемнің алғашқы жүлдегері және олимпиадашылар: Қостанай облысының спорттық тарихы

Шорт-тректен әлемнің алғашқы жүлдегері және олимпиадашылар: Қостанай облысының спорттық тарихы

Бүгін елімізге талай чемпионды сыйлаған Қостанай облысының танымал спортшылары туралы әңгімелейміз, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысының бокс мектебі мықты шәкірттерімен мақтанады. Аталған өңірдің тумалары үш Олимпиада медалін иеленген. Оның екеуі аса ауыр салмақта жұдырықтасқан Иван Дычкоға тиесілі. Ол 2012 жылы Лондонда, 2016 жылы Риода қола жүлдегер атанды. 

Сондай-ақ, Василий Левит (91 келі) те Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленген. Оның финалдық жекпе-жегі  үлкен дау тудырғаны белгілі. Жанкүйерлер оны чемпион санайды. 

«Маған бала кезімнен спорт әдебін үйреткен. Барлығы ата-анамнан басталды. Сондай-ақ, команда мен бапкерлер де өз үлесін қосты. Қазір осының бәрі менің мансабыма әсер еткен факторлар.  Алғашында маған фильмдер әссер етті. Мәселен, үнді фильмдері, Ван Дамм түскен фильмдер. Соларға қарап, спортқа деген қызығушылығым артты. Кейін менің әкем басты мотиваторыма айналды. Егер жаттығуды жіберіп алсам, әкеммен әңгіме болатын еді. Спортпен айналысатын барлық балаға айтарым, өз істеріңе мұқият қарап, бапкерді тыңдаңыздар. Талантты адамдар бар. Бірақ еңбектенбесе, бұл қасиеттерін пайдалана алмайды. Бұл өте маңызды қасиет. Кім еңбенеді, сол жеңіске жетеді», - дейді Левит.

2018 жылы Надежда Рябец Аргентинада өткен жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлдегер атанды. Бес жылдан соң ересектер арасындағы әлем біріншілігінің қоласын иеленді. Рябец Токио Олимпиадасында әйелдер боксынан ел намысын қорғаған жалғыз спортшы. 

Боксшы Антон Пинчук те өте сәтті өнер көрсетті. Ол студенттер арасындағы әлем чемпионы атанып, 

Азия ойындары (2014) мен Азия чемпионатында (2013) жеңіске жетті. 

Қостанай бокс мектебі туралы сөз қозғағанда Александр Мирошниченконы айтпау мүмкін емес. Ол КСРО құрамында Олимпиаданың қоласын (1988), әлем чемпионатының күмісін (1989) және әлем кубогі мен Еуропа чемпионатының қоласын иеленді. 

Қостанай облысынан танымал шорт-трекші Денис Никиша шықты. Ұлттық құраманың көшбасшысы былтыр тарихты жаңартып, тұңғыш рет әлем чемпионатының күміс  медалін иеленді. 

2023 жылы Денис  500 метрге жүгіруден әлемдік ISU рейтингінде жалпы есепте көш бастады. Сондай-ақ, Никиша екі рет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (2014,2015 жылдар) үздік үштікке енген. 2014 жылы 500 метрге жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты. 

«Мәреге жеткен соң не қуанарымды, не қуанбасымды білмедім. Екіұдай сезімде болдым. Мен үнемі алтынға таласамын, сол үшін дайындаламын. Ал мында күміс медаль... Менде де осындай болады. Бірақ мұны проблема демес едім. Үнемі алдыма биік мақсаттар қоятындықтан, үлкен жауапкершілікті сеземін. Абдырап қалғаным да содан. Кейін бәрін саналы түрде түсіндім. Біз бұл медальді қанша күттік? Бұл тынымсыз еңбектің, тәртіп пен төзімнің нәтижесі. Жылдар бойы жалғасқан жұмыстың қорытындысы десем, артық емес», - деді Никиша.

Қостанай облысында «шаңғы королі» Иван Гаранин туылған. Қазақстандық шаңғышы 1976 жылғы Олимпиадада қола медаль иеленіп, КСРО құрамасының эстафетадан Олимпиада жүлдегері атануына зор үлес қосты. 

«Мен басқалар сияқты талантты болмадым. Сондықтан, еңбекке басымдық беру керек болды. Олимпиадаға,оның ішінде марафонға дайындалғанда ең ұзақ жаттығу 12 сағатқа созылатын. Рудныйдың Рузаевка арасындағы 300 шақырымды велосипедпен жүріп өтетінмін. Сол жақта бір түнеп, турбазаға дейін тағы 280 шақырым жүремін. Бұл менің алыс қашықтықтарға бейімделуіме көмектесіп, әр аптада 70, 80, 90 шақырымды артқа тастауыма септігін тигізді. Мен тек жарысты аяқтап қоймай, нәтиже көрсетуге тырыстым. Кәсіби спорт маған адам мүмкіндіктерінің тағы бір қырын ашты. Мұның бәрі Олимпиададан кейін болды. Сондықтан, өзіңді дамытып, алға ұмтылу керек», - деді танымал спортшы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...