Қысқы спорттан тұңғыш олимпиада чемпионын шығарған ақмола өңірі

Қысқы спорттан тұңғыш олимпиада чемпионын шығарған ақмола өңірі

Қазақстан спортының өркендеуіне елеулі үлес қосқан аймақтардың бірі – Ақмола облысы, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысынына шыққын ең әйгілі спортшылардың бірі – Владимир Смирнов. Ол тәуелсіз Қазақстан тарихында қысқы Олимпиаданың алтынын иеленген тұңғыш әрі жалғыз спортшы. 

Смирнов шаңғымен жарысудан 1994 жылғы Лиллехаммер Олимпиадасының чемпионы. Ол қысқы  ойындардағы жалғыз алтын медалін шаңғымен 50 шақырымға жарысудан иеленді.

Одан бөлек, даңқты шаңғышы КСРО сапында Калгари Олимпиадасының (1988) 2 күміс, 1 қоласын, Қазақстан құрамында Лиллехаммер Олимпиадасының (1994) 2 күмісін және Нагано Олимпиадасының (1998) 1 қола медалін иеленген. 

Сондай-ақ, Владимир Смирнов шаңғымен жарысудан әлемнің 4 дүркін, қысқы Азия ойындарының 2 дүркін чемпионы.

Қазіргі таңда ол Қазақстан шаңғы қауымдастығының вице-президенті қызметін атқаруда. 

Ақмола облысынан шыққан Олимпиада жүлдегерлері мұнымен тоқтамайды. Ауыр атлет Анатолий Храпатый 1988 жылғы Сеул Олимпиадасында топ жарған. Сонымен қатар, 1996 жылы Атлантада өткен жазғы ойындардың күмісіне қол жеткізген. 

Храпатый ауыр атлетикадан әлемнің 5 дүркін, Еуропаның 5 дүркін чемпионы. 1994 жылы Хиросимада, 1998 жылы Бангкокте өткен жазғы Азия ойындарында күміс медаль еншілеген. 

Даңқты зілтемірші 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының кезінде жол апатынан қайтыс болды. 

Храпатыйдың ізін жалғаған тағы бір ауыр атлет Ақмола өңірінен шықты. Анна Нұрмұхамбетова ауыр атлетикадан Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. 

Айта кетейік, Лондондағы жазғы ойындарда Қазақстан спортшысы 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бесінші орыннан көрінді. Алайда, қайта тексеруден кейін марапаттар қайта бөлініп, Марина Шкерманкова мен Дина Сазановецтің тыйым салынған препараттар қолданғаны анықталды. Олардың нәтижелері жойылып, Нұрмұхамбетова ресми түрде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

2020 жылы Лондонда екінші орын иеленген румын спортшысы Роксана Кокоштың сынамасынан да допинг табылғаны белгілі болды. Ол күміс жүлдесінен айырылды және Лондонда көрсеткен нәтижесі жойылды.

Жүлделерді қайта бөлгеннен кейін Анна Нұрмұхамбетова 2012 жылғы Олимпиада ойындарының күмісіне қол жеткізді.

«Маған Олимпиада медалін табыстады. Қазіргі сезімдерімді сөзбен жеткізу қиын. Федерацияға, мені марапаттаған ХОК мүшесіне алғыс айтамын. 2012 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанғаныма  қуаныштымын. Бұл менің мансабымдағы ең үлкен жеңіс. Жас спортшыларға табыс, төзім және сәттілік тілеймін», - деді Анна Лондон күмісін қолына алған соң. 

Ақмола өңірі ұлттық құрама сапында көзге түскен боксшылардың да кіндігін кескен. 

Мәселен, Ілияс Сүлейменов Қазақстан құрамасы сапында Лондон Олимпиадасында бақ сынады. Ол Азия ойындарының (2014) чемпионы, Азия біріншілігінің (2013) күміс жүлдегері. 

Ал бокстан 48 келіде еліміздің алты дүркін, Азияның екі дүркін (2013, 2019) және әлем чемпионы (2021) атанған Теміртас Жүсіпов қазақ боксының мақтанышына айналған тұлға. Ол 33 жасында әлем чемпионы атанып, ұлттық құрамадан әлі де алыстаған жоқ. 

Боксшы қыз Карина Ибрагимова алда Парижде өтетін Олимпиада ойындарында бақ сынайды. Ол әлем чемпионаттарында 2 рет қола, 1 рет күміс медаль жеңіп алған. Ханчжоуда (2023) өткен жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионы. Ол Париж ойындарында әйелдер боксынан 57 келі салмақта ел намысын қорғайды. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау,...

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер...