Ольга Довгун: Олимпиадаға баратын құрамды жақын арада жариялаймыз

Ольга Довгун: Олимпиадаға баратын құрамды жақын арада жариялаймыз

Нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері Ольга Довгун Олимпиадаға қатысатын құрам қашан жариялайтынын айтты, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, Александра Ле, Арина Алтухова, Никита Чирюкиндер жолдама алды. Бұлардың бәрінің жолдамасы жекелеген спортшыға емес, командаға беріледі. Тек қана Ирина Юнусметованың квотасы жеке өзіне берілген. Яғни, Юнусметованың жолдамасына ешкім таласа алмайды. Ал Олимпиадаға баратын қалған құрам жұма күні  анықталады. Сол күні федерация басшылығымен бірлесіп, шешім шығарамыз»,  - деді Довгун. 

Айта кетелік, команда сапында ең соңғы болып Ирина Юнусметова квотаға қол жеткізді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау,...

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер...