Астанада дзюдодан жастар арасында халықаралық турнир өтеді

Астанада дзюдодан жастар арасында халықаралық турнир өтеді

22 маусым күні Астанада дзюдодан Данияр Макишевті еске алуға арналған жастар арасында халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған додаға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Белорусь және Өзбекстаннан 150-ге жуық дзюдошы қатысады деп күтілуде.

Халықаралық турнирдің жеңімпаздары  мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады. І орын алған спортшы - 500$, екінші орынға ие болған спортшы - 350$, ал үшінші орынға ие болған жүлдегер 200$ АҚШ долларына иелік етеді.

Жарыс 20 жасқа дейінгі жастар арасында 7 салмақ дәрежесінде өтеді. Ұлдар 60, 66, 73, 81, 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды.

Данияр Макишевті еске алуға арналған халықаралық турнир Kazakhstan Judo Team YouTube арнасынан тікелей трансляцияланады.

Айта кетерлігі, бұл жарыс Қазақстан жастар ұлттық құрама командасының әлем чемпионаты алдындағы дайындық додасы болып саналады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...