Алматы облысында дәстүрлі Қосанов мемориалы өтеді

Алматы облысында дәстүрлі Қосанов мемориалы өтеді

Алматы облысында орналасқан Олимпиадаға дайындау орталығының стадионында жеңіл атлетикадан Qosanov Memorial халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнир 22-23 маусым аралығыда ұйымдастырылады. 

Халықаралық жарысқа Қазақстан командасы үздіктерінің басым бөлігі қатысады. Одан бөлек, 17 мемлекеттен келген 300 спортшы өзара мықтыны анықтамақ.

Атап айтар болсақ,  Әзербайжан, Қытай, Эфиопия, Грузия, Иран, Үндістан, Қырғызстан, Малайзия, Филиппин, Катар, Сингапур, Таиланд, Тәжікстан, Түркменстан, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан. 

Аталған жарыс әлемдік жеңіл атлетика күнтізбесінде қола мәртебеге ие. 

Турнир Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қосановты еске алу мақсатында өткізіледі. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысының Сауран ауданында ірі мал бордақылау алаңдары шоғырланған агроиндустриялық кластер құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасын орындау аясында әділет органдарын цифрландыру мәселелері бойынша жиын өткізді, деп...