Әлемге үздік спортшылар сыйлаған: Астана спортының жарқын тарихы

Әлемге үздік спортшылар сыйлаған: Астана спортының жарқын тарихы

Қазақстанның спорттық өңірлеріне арналған материалдар сериясы аяқталуға жақын. Бүгін Астана спортының қаһармандары туралы хабарлаймыз, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана атын шығарған даңқты спортшылардың бірі – Данияр Елеусінов. Ол Рио Олимпиадасында 69 келі салмақта топ жарды. Ол 2013 жылы Алматыдағы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, екі жылдан соң күміс медаль алды. Елеусінов Азия ойындарының (2010) чемпионы, Азия чемпионатында екі рет чемпион атанды (2013,2015).

Қазақстандық дзюдо тарихындағы ірі тұлға – Асхат Житкеев те Астана спортының атын шығарды. Ол Бейжің Олимпиадасында  күміс медаль алды. Сондай-ақ, ол әлем чемпионатының қола жүлдегері. Азия ойындарында үш рет жеңіс тұғырына көтеріліп, Азия чемпионатында екі алтын, бір күміс жүлде еншіледі. 

Әйелдер күресінен биік белестерді бағындырған спортшылардың бірі – Гузель Манюрова. Оның жүлде қоржыны бай. 2004 жылғы Афиныда, 2012 жылы Лондонда күміс және қола иедленіп, 2016 жылғы Рио ойындарында күмісті қанағат етті. Манюрова әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері (күміс және қола). Төрт рет Азия чемпионатының ең биік тұғырына көтерілді. Азия ойындарының алтын, күмісі де Гузельдің қоржынында бар. 

Астана атынан егіз боксшылар Айбек және Нұрбек Оралбай да бақ сынайды. Екі боксшы да Париж Олимпиадасында сынға түседі. Нұрбек 2023 жылғы әлем чемпионы. Айбек 2022 жылғы Азия чемпионы әрі 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы. 

Астанадан шыққан тағы бір талантты боксшы – Санжар Тәшкенбай. Ол 48 келі салмақта қазіргі әлем әрі Азия чемпионы. 

Конькимен жүгіруден ұлттық құрама үздігі Надежда Морозова төрт құрлық турнирінде жеңіске жетті. Ал 2022 жылы әлем кубогі кезеңдерінде екінші және үшінші орын алды. Бейжің Олимпиадасында сынға түсті. 

Жас әрі талантты боксшы Юсуф Мациев те Астана түлегі. Ол 2022 жылы 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс медаль иегері. Биылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. 

2024 жылғы Париж Олимпиадасында астаналық Кирилл Герасименко сынға түседі. Ол үстел теннисінен Қазақстан командасының үздігі. 

Герасименко еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Қазақстандық спортшы немістің  «Вердер» клубында өнер көрсетеді. Биыл ол Қазақстан командасының тарихи нәтиже тіркеуіне үлес қосты. Біздің спортшылар әлем чемпионтында 17-орын алды. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...