Халықаралық олимпиада күні: Астанада интерактивті хоккейден турнир өтті

Халықаралық олимпиада күні: Астанада интерактивті хоккейден турнир өтті

Астанада Халықаралық Олимпиада күнін мерекелеу аясында кезекті спорттық шара өтті, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спорттық мереке аясында интерактивті хоккейден турнир өтті. Жарысқа төрт елордалық команда қатысты: Астана-1, Астана-2, "Номад" және "Бригантина". Жарысқа 12 жасқа дейінгі спортшылар жіберілді. 

Турнир форматы екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде қатысушылар ойын приставкалары арқылы хоккей матчын өткізді. Командалардың жиған ұпайы жарыстың екінші кезеңінде де есепке алынды.  

Кибер-кезең аяқталған соң, командалар кросс-айс форматында шайбалы хоккей ойнады. Бұл ойын моделі балалар қажетті тәжірибе жинау үшін көлемі кіші алаңқайларда өткізіледі. 

Командалар кросс-айстағы өнері үшін де ұпай жинады. Кешенді жарыстың жеңімпазы мен жүлдегерлері екі айналым бойынша жиған ұпай санымен анықталды. 

Турнир  нәтижесінде «Номад» командасы топ жарды. Екінші орынды «Астана-2», үшінші орынды «Астана-1» иеленсе, «Бригантина» төрттікті түйіндеді. 

Марапаттау рәсіміне Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас директоры Нұрлан Нөгербей қатысты. Жас хоккейшілер ресми серіктестер Coca Cola Kazakhstan, Prima Distribution-мен бірлескен  Galmart супермаркеттер желісінен естелік сыйлықтар  алды.

«Бұл жарыс форматы турнир кезеңдерінің  бірі киберспортқа арналғанымен қызықты. Аталған бағыт бүгінде үлкен басымдыққа ие. Қазіргі таңда киберспорттық жарыстарды Олимпиада бағдарламасына енгізу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Интерактивті хоккейге инклюзивті балалар да қатыса алады. Олар  команданың киберспорттағы нәтижелерін еселесе, олардың командаластары мұз айдынында ұпай жинайды», - деп атап өтті Қазақстан ҰОК. 

Айта кетелік, интерактивті хоккей жарысы Халықаралық Олимпиада күнін мерекелеу аясында өткізген ҰОК-тің кезекті іс-шарасы. Бұған дейін су добынан турнир аяқталды. 

23 маусым күні Астанадағы Орталық саябақта ашық бассейнде жүзуден Iswim арнайы жарысы өтеді. Одан бөлек, Триатлн саябағында триатлоннан және 3х3 баскетболдан жарыс ұйымдастырылады. Сондай-ақ, іс-шараны көруге келген қонақтарға арнап көркем гимнастика, брейкинг, таеквондо және бокстан қойылымдық нөмірлер көрсетіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...