Әмір Маймұратов: Олимпиада алтынын алу үшін бар күшімді саламын

Әмір Маймұратов: Олимпиада алтынын алу үшін бар күшімді саламын

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының мүшесі Әмір Маймұратов өткен демалыс күндері ел рекордын орнатып, олимпиадалық квотаны еншіледі. Парижде ол «жылдамдық» дисциплинасы бойынша сынға түседі, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Демалыс күндері Венгрияның Будапешт қаласында өткен спорттық құзға өрмелеуден Олимпиадаға іріктеу турнирінде Маймұратов екінші орыннан көрінді. Ал екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша спортшы үшінші орын иеленіп, квотаға қол жеткізді. 

 - Әмір, Шанхайда өткен бірінші кезеңнен соң сіз оныншы орыннан да төмен сырғыдыңыз. Алайда, Венгрияда финалға жетіп, нәтижеңіз әлдеқайда жақсарды. Квота да қоржынға түсті. Осы аралықта сіздің дайындық жүйеңізде не өзгерді?

- Негізі, Шанхайдағы турнирде мен нағыз бабымда болдым, кем дегенде үздік үштіктен көрінуім керек еді. Алайда, финалдық кезеңдерде ауыр қате жіберіп, 11-орында қалып қойдым. Венгриядағы жарысқа мен психологиялық тұрғыдан көбірек дайындалдым. Себебі, физикалық жағынан күш жеткілікті еді. Егер өз күшімнің 70 пайызын пайдалансам, жолдама қолға түсетінін білдім. 

- Венгрияда сіз Қазақстан рекордын да орнаттыңыз. Бұл Олимпиада қарсаңында сізге қосымша жігер бере ме?

- Мен 2015 жылдан бері  жаттығуларда әлем рекордтарын жаңарта бастадым. Менің ең басты қателігім де сол еді. Әлемдік рекордтарды жаңартуға көп күш салып кеттім. Осы ойдан қалай арылдым, нәтижелерім де солай биіктей бастады. Бұған дейінгі ел рекордын да мен орнатқан едім, оны үнемі жаңартып отырамын. Сондықтан, айтарлықтай сезім жоқ. Кезекті нәтиже. 

 - Сіздің дисцплинада жылдамдықтан басқа тағы қандай нәрселер маңызды?

 - Ең бастысы – жақсылап ұйықтап, физикалық және ментальды тұрғыдан демалу. Миым ақпаратты тез қорыту үшін керек  бұл. Өйткені, біз трассада бес секундтан да аз уақыт жүреміз. Одан бөлек, өзіңе деген сенім де қажет. 

- Олимпиадаға баратыныңыз қандай сезім сыйлады?

- Ашығын айтсам, қандай да бір эмоция жоқ. Квотаны сенімді түрде алу керектігін ойлайтынмын. Алтын медаль алу үшін өзімді дайындап жатырмын. Сол үшін бар күшімді саламын. Олимпиадаға дайындық әдеттегідей Алматыда өтеді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекет меншігіне 13,7 млн гектар жер қайтарылды. Оның ішінде 6,2 млн гектары қайта бөлінді. 2,1 млн гектар...

Астанада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы: қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер» тақырыбында конференция өтті, деп...

Кәсіби біліктіліктер жөніндегі ұлттық кеңес сарапшылар қауымдастығымен бірлесе отырып, жаңа Ұлттық біліктілік шеңберін бекітті. Енді бұл құжат тек...