"Ерліктен жүлде күткеніміз жоқ": Команда бапкері семсерлесуден Азия чемпионатына қатысты пікірін айтты

"Ерліктен жүлде күткеніміз жоқ": Команда бапкері семсерлесуден Азия чемпионатына қатысты пікірін айтты

Семсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Ерлік Сертай Кувейтте  өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. Мемлекеттік жаттықтырушы Тимур Байтасовтың айтуынша, бұл  - үлкен жетістік, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Азия чемпионаты ойдағыдай өтуде. Біз бір медаль алуды мақсат етіп едік. Бірақ Ерліктен күткен емеспіз. Өйткені, ол командадағы жас спортшылардың бірі. Оның қола медалі біз үшін қуанышты жайт. Турнир барысында ол командаласы Эльмир Алимжановты жеңді. Екеуі үнемі жарысқа бірге  қатысады, ел чемпионаттарында, жаттығу жиындарында кездеседі. Сондықтан, бірін-бірі жақсы біледі. Ерліктің де деңгейі жоғары екенін ұмытпау керек. Ал Азия чемпионаты спортшылардың рейтингі үшін өте маңызды. Олимпиада жеребесі рейтингке байланысты тартылады. Сондықтан, рейтингте жоғары ұпай жинап, мейілінше жоғары орналасу әрбір спортшы үшін маңызды. Медальдан әлі үміттіміз. Рапира мен саблядан сынға түсетін қыз-жігіттеріміз бар», - деді Байтасов. 

Айта кетелік, Азия чемпионатының жартылай финалында Ерлік Сертай гонконгтық спортшыға есе жіберіп, қола медаль иеленді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекет меншігіне 13,7 млн гектар жер қайтарылды. Оның ішінде 6,2 млн гектары қайта бөлінді. 2,1 млн гектар...

Астанада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы: қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер» тақырыбында конференция өтті, деп...

Кәсіби біліктіліктер жөніндегі ұлттық кеңес сарапшылар қауымдастығымен бірлесе отырып, жаңа Ұлттық біліктілік шеңберін бекітті. Енді бұл құжат тек...