Саблядан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Саблядан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Саблямен семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы тарихта тұңғыш рет Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан командасы Гонконг пен азулы Оңтүстік Корея құрамаларын жеңіп, финалда Қытай спортшыларына аз ғана ұпаймен жол берді. 

Осылайша, Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастсия Гулик және Жасмин Капыджыдан құралған Қазақстан командасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Бұл Кувейттегі Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа май экстракциялық зауытының құрылысы аяқталды. Зауытта жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделеді, деп...

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау,...

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер...