"Уимблдон": Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңіп кетті

"Уимблдон": Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңіп кетті

Лондонда өтіп жатқан "Үлкен дулыға" турнирлерінің бірі - "Уимблдон" додасында қазақстандық Юлия Путинцева сенсациялық жеңіске жетті, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемнің 35-ракеткасы саналатын Юлия үшінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекті жеңіп кетті.

Кездесу үш сетке созылып, Путинцева 3:6, 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл қазақстандық теннисшінің мансабындағы ең ірі жеңістердің бірі. 

1/8 айналымда Юлия Путинцева латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ