Көкшетау қаласында ересектер арасында триатлоннан Азия Кубогы өтіп жатыр, өтіп жатыр, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Байрақты бәсекеде 8 елден елген жиналған 150 үздік атлет «элита» санатында 1500 метрге жүзуден, 40 шақырымға велосипедпен жарысудан және 10 шақырымға жүгіруден өзара кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде қазақстандық Аян Бейсенбаев тиісті қашықтықты 1:48:18 секунд уақытта бағындырып, күміс жүлдені қанжығаға байлады. Өзбекстандық Квиндос Джереми (1:48:17) чемпион атанса, қолаға Чехия өкілі Филип Михалек қол жеткізді. Сондай-ақ отандастарымыз Егор Крупяков бесінші, Александр Куришов 6-шы, Дарын Қонысбаев 7-ші, Александр Тен 8-ші, Мейірлан Ысқақов 9-шы, Арлан Жаңабай 10-шы, Темірлан Теміров 11-ші, Маким Шмулич 14-ші, Ануар Тұрыбаев 15-ші, Әлихан Әбусейіт 24-ші, Нұрасыл Қалтаев 27-ші орыннан көрінді.
«Қарсыластар мықты болды. Осы жүлдені алуыма себепкер болған жаттықтырушыма алғыс білдіремін. Ол маған үлкен үміт артатынын айтып, алдыға қарай өрлеуіме дем береді. Мұның барлығы халықтың қолдауымен болып жатқан дүние ғой. Өкінішке қарай, Олимпиада жолдамасын ала алмадым. Бірақ, енді жаңа мақсаттар қойып, дайындықты бастаймыз», - деді Аян Бейсенбаев өз сөзінде.
Айта кетейік, ертең жастар мен жасөспірімдер арасында Орталық Азия елдерінің чемпионаты өтеді.