Якутск қаласындағы «Туймаада» стадионында VIII жазғы «Азия балалары» ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Жүлде алған барлық спортшымыз көрермендер алдында шеруде сап түзеп өтті.
Кешті құрметті қонақтар қатарында осы ойындардың түлегі, VIII жазғы «Азия балалары» ойындарының бас төрешісі Мерей Акшалов, сондай-ақ бірнеше мәрте осы жарысқа еліміздің делегациясын бастап келген Мәлік Сапашев тамашалап жатыр.
Қазақстан құрамасы бұл кешенді жарыста 17 алтын, 31 күміс, 59 қола (барлығы 107) медальмен жалпы есепте 7-орынға тұрақтады.