Волейболдан еліміздің ұлдар командасы Якутск қаласындағы VIII жазғы «Азия балалары» ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Үшінші орын үшін болған Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы матч 3-1 есебімен аяқталды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 17 алтын, 31 күміс, 59 қола (барлығы 107) медальмен жалпы есепте 7-орынға тұрақтады.