Еркін күрестен Қазақстан командасы соңғы жаттығу жиынын өткізеді

Еркін күрестен Қазақстан командасы соңғы жаттығу жиынын өткізеді

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасы қарсаңындағы соңғы жаттығу жиынына кіріседі, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

21 шілде күні Алматы облысындағы Олимпиадаға  даярлау орталығында құрама команда Олимпиада алдындағы соңғы дайындық кезеңін өткізеді. 

Содан соң, балуандар Парижге жол тартады. 

Айта кетелік, еркін күрестен Қазақстан еншісінде 4 жолдама бар. Бұған дейін Азамат Дәулетбеков (86 келі), Әлішер Ерғали (97 келі) және Юсуп Батырмұрзаев (125 келі) квота иеленген. 

Кеше 57 келідегі Мейрамбек Қартбайдың  да Олимпиадаға баратыны анықталды. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға...

Түркістан облысының Сауран ауданында ірі мал бордақылау алаңдары шоғырланған агроиндустриялық кластер құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба...