Қазақстан паралимпиаданың 21-ші лицензиясына ие болды

Қазақстан паралимпиаданың 21-ші лицензиясына ие болды

Халықаралық Паралимпиада комитетінің үш жақты бипарт комиссиясының шешімімен қазақстандық пара спортшы Севда Алиева Париж-2024 Паралимпиаданың пара оқ атудан лицензия иегері атанды. Севда 10 метрлік P2 пневматикалық тапаншамен ату дисциплинасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл пара оқ атудан Қазақстанның екінші лицензиясы. Бұдан бұрын осы спорт түрінде  алғашқы лицензияны қазақстандық  Еркін Ғаббасов әлем кубогында пневматикалық мылтықпен атудан R1 дисциплинасында жеңіп алған болатын.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Паралимпиадаға спорттың 8 түрінен 21 лицензиясы бар. Олардың ішінде: пара пауэрлифтинг (5), пара жеңіл атлетика (3), пара жүзу (4), волейболды отырып ойнау (1), пара үстел теннисі (1), пара таеквондо (3), пара каноэ (2) және пара оқ ату (2).

Айта кетейік, XVII жазғы Париж-2024 Паралимпия ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыста 23 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы ойнатылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер...

Жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 508,3...