Щучинскіде ҰОК қолдауымен биатлон бапкерлеріне IBU курсы өтті

Щучинскіде ҰОК қолдауымен биатлон бапкерлеріне IBU курсы өтті

Щучинскідегі Олимпиадаға даярлау орталығында қазақстандық 20 жас жаттықтырушыға және Қырғызстан мен Грузия мамандарына арналған Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) біліктілік курсы өтті, деп хабарлайды Қазақстан биатлоншылар Одағының баспасөз қызметі. Аталған шара ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Курстың алғашқы күні Халықаралық федерацияның биатлонды дамыту бөлімінің жетекшісі Дагмар Герасимук дәріс оқыды. Кейін биатлоннан Италия және Швейцария құрамаларының бұрынғы бапкері Армин Касслаттер білгенімен бөлісті. Теориялық білімнен соң қатысушылар курстың практикалық бөлігіне өтті.

Семинардың екінші күнінде жаттықтырушылар атудың базалық техникасы туралы дәріс тыңдады. Мұнда қатысушы мамандар ату кезінде дұрыс демалу, мылтықты тұрақтандыру  және нысана көздеуге қатысты ойларымен бөлісті. Семинардың практикалық бөлігінде қатысушылар жатып және тұрып ату кезінде жіберілетін қателіктерді талқылады. 

Семинардың үшінші күнінде шетелдік мамандар қатарына Норвегия, Австрия, Швейцария және АҚШ құрамаларының бұрынғы бапкері Тронд Нистад қосылды. Ол кезінде әйгілі биатлоншы, Олимпиаданың сегіз, әлемнің жиырма дүркін чемпионы, әлем кубогінің алты дүркін иегері Уле-Эйнар Бьёрндаленді жаттықтырған. 

Төртінші күні үш түрлі локацияда сабақ өткізілді.  Теориялық дәрісті Назарбаев университетінің профессоры Дмитрий Видерман жүргізді. Ал практикалық бөлігі жаттығу залында өтті. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер...

Жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 508,3...