Юлия Путинцева алғаш рет WTA рейтингінде отыздыққа енді

Юлия Путинцева алғаш рет WTA рейтингінде отыздыққа енді

"Уимблдон" турнирі аяқталған соң, әйелдер теннисі қауымдастығы жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің жартылай финалында сүрінген Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі төртінші орнын сақтап қалды. 

Ал осы бәсекеде төртінші айналымға дейін жеткен Юлия Путинцева алты сатыға жоғарылап, 29-орынға тұрақтады. Бұл  Юлияның мансабындағы ең үлкен көрсеткіш. 

Жұптық сында Анна Данилина екі сатыға жоғарылап, 50-орынға көтерілді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық...