Әмір Омарханов алғаш рет атр рейтингісіне енеді

Әмір Омарханов алғаш рет атр рейтингісіне енеді

ITF 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлемдік рейтингті жария етті. Қазақстанның жас жұлдызы, 16 жастағы Әмір Омарханов 15-орынға көтерілді, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, Әмір өзінің үздік көрсеткішіне (2024 жылғы ақпан, №12) жақындап келеді.

Қазір Астанада ересектер арасындағы челленджер турнирінде өнер көрсетіп жатқан Омарханов алдағы аптада 4 ұпаймен алғаш рет ATP рейтингісіне де кіреді. 

Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы ТОП-50-ге Соня Жиенбаева (№21) мен Асылжан Арыстанбекова (№38) енді. Даниал Рахматуллаев – 58, Заңғар Нұрланұлы – 163, Айя Нұпбай – 120, Полина Слепцова 229-сатыда тұр.

Азия теннис федерациясының (ATF) жаңартылған рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Заңғар Нұрланұлы бұрынғыша 1-орында. 

14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe ТОП-100-де Қазақстанның төрт теннисшісі бар: Роберт Каминский 61-де, Ахмади Маханов 63-те қалса, Родион Трайгель 69-сатыға жоғарылады. Қыздар арасында Линара Бөлешева 84-орында келеді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер...

Жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 508,3...