Екі қазақстандық төреші теннистен Парижде төрелік етеді

Екі қазақстандық төреші теннистен Парижде төрелік етеді

Париж олимпиадасының төрешілер құрамына теннистен Қазақстаннан Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко енді, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Меруерт пен Юлия – күміс белгісі бар халықаралық дәрежедегі мінбедегі төрешілер. 

Кәукеева мен Игнатченко үшін бұл екінші олимпиада болмақ. Олар осыған дейін 2021 жылы Токиода төрелік еткені белгілі.

Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын жекелей сында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик пен Александр Шевченко қорғайды. Сондай-ақ жұптық сында Бублик пен Александр Недовесов өнер көрсетеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылғы 15-20 қыркүйек аралығында еліміздің барлық мектептерінде «Мектеп пен отбасы: тәрбиелі әрі жауапты тұлғаны қалыптастырудағы ынтымақтастық» тақырыбында жалпы ата-аналар...

Қарағанды облысы Шет ауданы Еңбекшіл ауылында жаңа медициналық пункт жұмысын бастады. Әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының ауылдық жерлердегі...