Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды. Боксшылар командасын Қайрат Сәтжанов жаттықтыратын болды, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайрат  Сәтжанов бокстан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы. Оның бапкерлік өтілі 34 жылды құрайды. 2021-2022 жылдары бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының  бас бапкері болып қызмет еткен. 2024 жылдан бастап жастар құрамасының аға жаттықтырушысы. 

2021  жылы өткен  бокстан  әлем чемпионатында (Сербия) Қазақстан ерлер құрамасы 2 алтын,  2 күміс және 1 қола медальмен жалпы командалық есепте екінші орын алды.

2022 жылы Иорданияда өткен Азия біріншілігінде де  екінші орын иеленді (3 алтын, 6 күміс және 3 қола). 

2024 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия біріншілігінде Сәтжановтың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын алды (5 алтын, 1 күміс және 3 қола).

Жеке бапкер ретінде Сәтжанов бокстан 7 әлем, 43 Азия чемпионын тәрбиелген. 

Қазіргі таңда жаңа бапкерлік құрам жасақталуда. Атап айтар болсақ, шетелдік кеңесші жаттықтырушылар, физикалық дайындық жөніндегі жаттықтырушы және  ғылыми топ мүшелері бар.

Сондай-ақ, командада  бас бапкердің жеке шәкірті болмауы қажеттігі жайлы талап қойылды. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық...