Мария Бровкова каноэде есуден әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Мария Бровкова каноэде есуден әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден олимпиадалық емес қашықтықтардағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық  спортшы Мария Бровкова бір адамдық каноэмен 500 метрге жарысудан қола жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 02:09.731 минутта бағындырған. 

Алтын және күміс медальді Украина мен Чили атлеттері еншіледі. Айта кетелік, Бровкова бұған дейін жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған болатын. 

Айта кетелік, Самарқандтағы әлем біріншілігінде жалпы есебі 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Санкт-Петербург қаласында өткен Халықаралық экономикалық форумға қатысып,...

Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы емханасының базасында 3 айдан 3 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балаларды...