Перудың Лима қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Аталған сында қазақстандық спортшылар да өнер көрсетті, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Назарларыңызға отандық жас атлеттердің әлем чемпионатындағы нәтижесін ұсынамыз:
Алина Чистякова, жетісайыс, 9-орын;
Ирина Конищева, жетісайыс, 12-орын;
Фаина Мейірманова, биіктікке секіру, 173 см;
Богдан Гончаров, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 14.19 секунд;
Кристина Ермолаева, 100 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 14.66 секунд.