Анна Данилина Мексикадағы турнирде топ жарды

Анна Данилина Мексикадағы турнирде топ жарды

Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Анна Данилина жұптық сында WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол ресейлік Ирина  Хромачевамен жұптасып, Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен беделді жарыста топ жарды.

Финалда олар Оксана Калашникова (Грузия) және Камилла Рахимова (Ресей) жұбынан басым түсті. 

Есеп - 2:6, 7:5, 10:7.

Бұл Анна Данилинаның WTA  турнирлеріндегі оныншы жүлдесі. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан, баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға...

«Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады», – делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы...