Қазақстандық спортшылар Стенд атудан Азия кубогін алты алтынмен аяқтады

Қазақстандық спортшылар Стенд атудан Азия кубогін алты алтынмен аяқтады

Алматы облысында өтіп жатқан стенд атудан Азия кубогі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Додада Қазақстан командасы алты алтын және бес қола медаль еншіледі. Оның ішінде Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко, Никита Моисеев (жасөспірімдер арасында), сонымен бірге әйелдер, ерлер және аралас командалар (скит) топ жарды. 

Ал күміс жүлдені Алишер Айсалбаев, трап және дубль-траптан ерлер командасы жеңіп алды.

Үшінші орынға Марк Почивалов (трап), Давид Почивалов (скит), Айжан Досмағамбетова, Владлен Калимулин және әйелдер командасы (трап) табан тіреді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық...