Мәнерлеп сырғанау: Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында «алтын» алды

Мәнерлеп сырғанау: Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында «алтын» алды

Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы Қазақстан командасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Астанада өтіп жатқан Денис Тен мемориалында топ жарып, «алтын» алды, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы бірінші орын алып қана қоймай, сондай-ақ қысқа бағдарламада 95,50 ұпай жинап, жеке рекордқа қол жеткізді. 

Шайдоров еркін бағдарламаны орындау кезінде төрешілерден 166,83 ұпай алды. Жалпы есеппен ол 262,33 балл жинаған.

Екінші орынға 246,00 ұпаймен әзербайжандық Литвинцев табан тіреді. Ал қола жүлде Ника Егадзеге (Грузия) бұйырды – 242,43.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Барлық мүдделі мемлекеттік органның үйлесімді жұмысының арқасында 3 жыл ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. 9,5 млн га аумақта 4 731 жоспардан тыс...

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – ҚР Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов ОКҚ...

Мемлекет басшысы Үндістанның демократиялық дамуындағы елеулі прогресс пен әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ технологиялық салалардағы жетістіктерін атап өтті, деп...