Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Түркиядағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Түркиядағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Кайсери (Түркия) қаласында өтіп жатқан ITF W 50 категориясындағы турнирдің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Шешуші матчта WTA рейтингінде 488-орында тұрған қазақстандық спортшы Беларусь елінен келген Алена Фалейді жеңді (224 WTA ). 

Алғашқы сетте Зарина 0:6 есебімен жеңілсе, келесі екі сетте 6:4, 6:3 есебімен алға шықты.

Бұл Зарина үшін биылғы алғашқы және ITF аясындағы оныншы жеңіс болды. Сонымен бірге Зарина 2010 жылғы Токиода өткен  WTA 250 сериясы турнирінде жеңіс тұғырына шыққан. 

Айта кетелік, қазақстандық спортшы жарақат салдарынан екі жыл бойы жарыстарға қатыса алмаған және кортқа толыққанды биыл мамыр айында қосылған. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ