Жамбыл облысында "Зорлық-зомбылықсыз жанұя" атты республикалық форум ұйымдастырылды

Жамбыл облысында "Зорлық-зомбылықсыз жанұя" атты республикалық форум ұйымдастырылды

Жамбыл облысында алғаш рет "Зорлық-зомбылықсыз жанұя" атты республикалық форум ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайту.

Форумға облыс әкімдігі, мемлекеттік органдар, құқық қорғау саласының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қатысты. Жиынды облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ашып, өңірде отбасы институтын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов ішкі істер органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі рөлін атап өтті. Оның айтуынша профилактикалық есеп пен дағдарыс орталықтарымен бірлескен жұмысты күшейту маңызды.

Жамбыл облысы полиция департаменті бастығы Қайсар Сұлтанбаевтің мәліметінше, жүйелі профилактикалық шаралардың нәтижесінде 2026 жылдың алғашқы айында облыста отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар саны 50 пайызға төмендеген.

Форумда Мұқаш Ескендіров заңнамалық өзгерістердің маңызын атап өтті. Сонымен қатар "Intellect7G – эксперттер мен кеңесшілер қоғамы" РҚБ президенті Маржан Еликулова "Шайқалмаған шаңырақ" бағдарламасын таныстырса, Тараз қаласы отбасын қолдау орталығының басшысы Эльмира Мырза-Ғали қиын жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау тетіктеріне тоқталды.

Форум аясында өңірлерден келген полиция қызметкерлері тәжірибе алмасып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мәселелерін талқылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көтерілген бастамалар қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтып, әр отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Бұдан бөлек, біз «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысына бастамашы болдық. Халықтық сипат алған науқанның мақсаты – экологиялық сана қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті...

Президент: «Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады» «Су қауіпсіздігі – Қазақстан ғана емес, бүкіл...

«Жаңа Конституциямызда қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясат пен азаматтық жауапкершіліктің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалды....