Қанат Бозымбаев Ұлытау облысындағы су тасқыны қаупі бар аудандарды тексерді

Қанат Бозымбаев Ұлытау облысындағы су тасқыны қаупі бар аудандарды тексерді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ұлытау облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Жұмыс сапары барысында вице-премьер Жезді өзенінің арнасындағы жағдаймен танысып, Қарсақпай, Сарлық, Қорғасын, Бозтұмсық және Малшыбай елді мекендерін су тасқынынан қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қарап шықты. Сондай-ақ Қарсақпай және Кененбай бөгеттерін тексерді. Жезқазған қаласында вице-премьер Кеңгір су қоймасына барып, қала әкімінің қазіргі жағдай жөнінде баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Облыс аумағында су тасқыны қаупі бар 27 елді мекен айқындалған. Оның сегізінде су басу қаупі сақталып отыр, ал қалған 19 елді мекенде жүргізілген инженерлік және алдын алу шараларының нәтижесінде қауіп едәуір төмендеді.

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында өңірде 1,6 шақырым қорғаныс дамбасы салынды, 3,5 шақырым канал, 3 шақырым арық және 350 су өткізу құрылысы тазартылды. Сарысу, Жаман Сарысу, Талдысай, Қаракеңгір, Жезді өзендері, сондай-ақ Кеңгір, Ақтасты және Жезді су қоймалары тұрақты бақылауда тұр.

Жедел әрекет ету үшін техника, инертті материалдар және басқа да қажетті ресурстардың резерві құрылды. 1 наурыздан бастап азаматтық қорғау күштері мен құралдары жоғары дайындық режиміне көшірілді.

«Өңірдегі гидрометеорологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен кез келген өзгеріске жедел әрекет етіп, қауіп аймақтарында тәулік бойы мониторинг жүргізу қажет. “Қазгидромет” болжамына сәйкес Сарысу және Кеңгір өзендерінде су деңгейінің қауіпті межеге дейін көтерілу ықтималдығы бар. Жаңаарқа ауданында қауіп жоғары, ал Ұлытау ауданында орташа деңгейде. Осыған байланысты Сарысу және Тереңбұтақ өзендерінің арналарын тазарту жұмыстарын жеделдету қажет», — деді Қанат Бозымбаев.

Вице-премьер облыс әкімдігіне тиісті қызметтермен бірлесіп елді мекендерді су тасқынынан қорғау бойынша алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Атап айтқанда, қысқа мерзімде өзен арналары мен су өткізу құрылыстарын тазарту жұмыстарын аяқтау, су деңгейін тұрақты бақылауда ұстау, гидротехникалық нысандардың дайындығын тексеру және жағдай күрделенген жағдайда халықты эвакуациялау жоспарларын жаңарту тапсырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қырғызстан, Шолпан-Ата қаласы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орталық Азия елдерінің басшылары чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік...

Мемлекет басшысының Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтауы, деп хабарлайды ...

Ғылым мен жоғары білімді дамыту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық басымдықтардың бірі. Президент тапсырмаларында білі...

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысында аммиак-карбамид кешенін салу...

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Үкіметте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру...