Түркістан облысының тұңғыш әкімі Түймебаев қандай ісімен есте қалды?

Түркістан облысының тұңғыш әкімі Түймебаев қандай ісімен есте қалды?

Күнгей өлкенің тумасы Жансейіт Түймебаев 2016 жылдың қазанынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысын басқарып, 2018 жылдың 19 маусымында құрылған Түркістан облысының тұңғыш әкімі болғандығымен тарихта қалды. Сондай-ақ, елшіліктен облыс басқаруға келген Жансейіт Қансейітұлының атын естігенде Шымкенттің жасыл белдеуі болады деп күтілген, кейіннен қурап кеткен шатқалдар, әкім сынынан кейін жаңарған аудан, қалалардағы әжетханалар, Түркия елінде біліктілігін арттырған ұстаздар мен дәрігерлер және журналистер баспана кілтіне қол жекізген көптеген отбасылар, Мақтаарал мен Сарыағаш аудандарының бөлінуі еске оралады. Сонымен қатар, тілге шешен экс-әкім бұрын болмаған фествальдер ұйымдастырып, жаңалық жасай білді. Атап айтсақ, Түлкібастағы «Ақсу Жабағылы алауы, шұбайқызыл жалауы», Бәйдібек ауданындағы «Қымызмұрындық», Жетісайдағы «Қауынфест», туризм саласын дамыту бағытындағы «Сафари-Шардара», Төлеби ауданында ұйымдастырылған «Тау самалы, жан самалы» атты фестивальдер Түймебаевтың тұсындағы ерекше бастамалар болды. Бүгінде Ж. Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметін атқаруда.

No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...