Пандемияға байланысты мұнай арзандап жатыр

Пандемияға байланысты мұнай арзандап жатыр

Әлемдік мұнай бағасы 4 пайызға дейін төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23.35-тегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының желтоқсандағы бағасы барреліне 41,2 долларға дейін, ал қарашадағы бағасы 40,7 долларға дейін төмендеген. Осылайша, сарапшылардың айтуынша, мұнай 4 пайызға дейін арзандады.

Мамандардың сөзіне қарағанда, коронавирустың таралуы әлемдік экономиканың қалыпқа келіп, әрі қарай дамуына қауіп төндіріп тұр. Салдарынан қазір мұнайға сұраныс жоқ дейді сарапшылар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында ел өңірлерінде инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Бұл туралы...