70 НЕМЕРЕСІ, 20 ШӨБЕРЕСІ БАР: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 24 БАЛАНЫ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛГЕН АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ТҰРАДЫ

70 НЕМЕРЕСІ, 20 ШӨБЕРЕСІ БАР: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 24 БАЛАНЫ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛГЕН АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ТҰРАДЫ

Түркістан облысы - батыр аналарды түлеткен берекелі өңір. Облыста алтын құрсақты аналар көп. Солардың бірі – 76 жастағы Сапаркүл Әбутәліпова.

24 баланы дүниеге әкелген ана бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр. Жетісай ауданының Қараөзек елдімекенінде тұратын көпбалалы батыр ана еліміздің жеткен жетістіктері мен алған асуларына тілеулес жан. Еңбекке жастайынан араласып, ерте есейген ақ жаулықты ананың жастарға айтатын өсиеті жетерлік.

«Адамды адам еткен - еңбек» дейді. Жас кезімізден еңбекпен шұғылдандық. Жолдасым Жоламан екеуміз совхоздың малын бақтық. Мал шаруашылығында отағасы аға шопан, мен көмекшісі болып істедім. Жанұялы болып, 24 баланы дүниеге әкелдік. Өкінішке қарай, өмірдің түрлі сынағына тап болып, 12 балам қайтыс болды. Аллаға шүкір деймін, қалғанының барлығын аяқтандырдық, қатарынан кем қылмадық. Немере, шөбере сүйіп отырмыз. Балаларымызды жақсы тәрбиелеуге тырыстық, еңбекті сүйіп өсірдік. Маңдай термен табылған нан қашанда тәтті», – дейді қарт ана.

Сапаркүл апа бүгінде 70 немере мен 20 шөбересінің қызығын көріп отыр. Бір рет үшемдерді, екі рет егіздерді дүниеге алып келген аяулы ана алғаш «Батыр ана» медалін 1979 жылы 17-ші перзентін дүниеге әкелгенде алыпты. Ал, екінші «Алтын алқасы» омырауына тәуелсіздік таңы атқан соң тағылыпты.

Қазір ұл-қыздары қосақтарымен әулеттің дәулетін асырып, алтын құрсақты ананың ақ батасымен ұрпақ өрбітіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жастарға, аграрлық секторға, кәсіпкерлерге жасаған қамқорлығының арқасында шаңырақтан береке алыстаған емес. Сапаркүл апаның перзенттері Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысында өз істерінің шебері атанып, кәсіптерін дөңгелетіп, нәсіптерін тауып жүр.

Батыр ана жолдасы екеуі бүгінде кенже ұлдарының шаңырағында тұрады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адамды құрады, деп...

Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

«Қазмедиа орталығының» студиясында экзит-полл нәтижелері таныстырылғаннан кейін Мемлекет басшысы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Игорь Петришенко ТМД миссиясы Қазақстанда 19-рет бақылау...

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылары өз пікірлерін білдірді, деп...