Қазақстанда азық-түлік қымбаттады

Қазақстанда азық-түлік қымбаттады

2020 жылғы тоғыз айда ауылшаруашылық құрылымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 7,9%, өсімдік шаруашылығы өнімі - 10,3%, мал шаруашылығы өнімі - 0,7% өсті, деп хабарлайды Статистика комитеті.

Комитеттің хабарлауынша, 2020 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда баға бидайға 2%, арпаға - 1,4%, сұлыға - 1%, тарыға - 0,6% өсті.

Баға қиярға 7%, бақша дақылдарына - 1,6%, пиязға - 0,6% өсті, ал асханалық қызылшаға 2,6%, қызанақ және қырыққабатқа - 1,3%-дан, картоп және асханалық сәбізге - 1,1%-дан төмендеді.

Кептірілген бұршақ 2,7%, кептірілген жасымық - 1,3%, азықтық дақылдар және майлы тұқымдары - 1,1%-дан қымбаттады, ал жүзім 1,3%, жемістер және жидектер - 1,2% арзандады.

Жылқы және құс еті 1%-дан, ірі қара мал еті - 0,5%, қой еті - 0,4% қымбаттады. Баға жұмыртқаға 7%, балға - 1,1%, шикі сиыр сүтіне - 0,9% өсті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне...

Шымкент қаласының туристік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада орналастыру орындарын дамыту, тарихи-мәдени...