Астанада «Таңдамалы шығармалар жинағы» кітабының тұсаукесері өтті

Астанада «Таңдамалы шығармалар жинағы» кітабының тұсаукесері өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі жазушы-публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шархан Қазығұлдың 70 жас мерейтойына орай жарық көрген «Таңдамалы шығармалар жинағы» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ҚР ҰҒА академигі Бауыржан Омаров мерейтой иесіне Мемлекет басшысының құттықтауын табыс етті. Сондай-ақ қаламгерге ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің, Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаттары табысталды.

Іс-шараға депутаттар, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов, зиялы қауым өкілдері мен жазушылар қатысты.

Жинаққа қаламгердің әр жылдары жазылған көркем және публицистикалық шығармалары кірген. Кітап жеті бөлімнен тұрады. Жинаққа «Күлпет» романы, екі әңгіме, «Оңашадағы онлайн ойлар» туындысы, сондай-ақ билік, әдебиет, өнер және журналистика саласындағы танымал тұлғалар туралы эсселері енген. Сонымен қатар жинаққа портреттер мен «Футбол философиясының фрагменттері» атты туынды кірген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды өндірістік нысанды аралап,...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды...

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты...