«Астана Опера» театрында «Айсұлу» операсы сахналанды

«Астана Опера» театрында «Айсұлу» операсы сахналанды

«Астана Опера» театрында Ұлыстың ұлы күніне арналған арнайы мерекелік кеш өтті.  Сыдық Мұхамеджановтың «Айсұлу» операсы театр кіреберісінде театрланған қойылымнан бастау алды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Қонақтарды опера труппасы, хор, миманс әртістері, сондай-ақ Қыдыр ата қарсы алды. Ұлттық аспаптар – жетіген, домбыра, қобыз, дауылпаздың үні естіліп, «Беташар» рәсімі көрсетілді. Раушан Ысқақова бастаған Алматы ауданы Ардагерлер ұйымының әжелері жаңа түскен келіннің бетін ашып, жиналған қауымға шашу шашты.

Іс-шара барысында ретро-инсталляция ұйымдастырылды. Тетар 60-70-ші жылдардағы шулы теміржол перронына айналды. Осындай сахналық қойылым көрерменді бірден баурап, шымылдық түрілмей тұрып махаббат хикаясы басталды.

«Айсұлу» операсы – тұңғыш қазақ комедиялық операсы.  Оқиға 1960-70 жылдардан сыр шертеді. Осыған орай, театр сол заманның бейнесін көрерменге ұсынып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматыда қала Қоғамдық кеңесінің Құрылтайға алдағы сайлауға арналған жалпы отырысы өтті. Қоғамдық кеңес мүшесі Дмитрий Лактюшин сайлау процесінің...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық экономиканы және тиісті инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде...