Ұлттық кітап күні қарсаңында Екібастұз мектептері жаңа форматқа көшті

Ұлттық кітап күні қарсаңында Екібастұз мектептері жаңа форматқа көшті

Ұлттық кітап күні қарсаңында Екібастұз мектептері жаңа форматқа көшті. Енді мұнда оқушылар тек кітап оқып қана қоймай, оны бірлесе талқылайды, пікір бөліседі, бір-бірімен кітап алмасады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Қала мектептерінде кітаптарды бірге талқылауға бағытталған іс-шаралар циклі басталды. Кітап бұл жерде тапсырма орындау емес, ортақ әңгіме мен қызығушылықтың өзегіне айналды.

Әдеби батлдарда оқушылар кейіпкерлер мен сюжеттерді талдап, өз ұстанымдарын қорғайды. Поэзиялық марафондарда классикалық шығармалар мен қазіргі авторлардың өлеңдері оқылып, оқушылар бірден пікір алмасып, диалогқа түседі.

Мектеп кітапханаларында «Жаңалық» жобасы іске қосылып, кітап бұрыштары пайда болды, шеберлік сағаттары өтіп жатыр, ал ескі кітаптар қайта жаңғырып жатыр. Буккроссинг шарасы ерекше қызығушылық тудырып, кітаптар қолдан қолға өтіп, жаңа оқырманын тауып жатыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматыда қала Қоғамдық кеңесінің Құрылтайға алдағы сайлауға арналған жалпы отырысы өтті. Қоғамдық кеңес мүшесі Дмитрий Лактюшин сайлау процесінің...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық экономиканы және тиісті инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде...