Алматыда цифрландыру жағдайындағы архив ісінің дамуын талқылауға арналған конференция өтті

Алматыда цифрландыру жағдайындағы архив ісінің дамуын талқылауға арналған конференция өтті

Алматыда «Цифрлық трансформация жағдайындағы архив ісі мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан, Польша, Ресей, Қытай, Малайзия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген архив саласының мамандары, сондай-ақ оқытушылар, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Конференция барысында архив ісін цифрландыру, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар цифрландыру жағдайында кадр даярлау, тарихи мұраны сақтау және деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттары да қарастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды өндірістік нысанды аралап,...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды...

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты...