Өскеменде «Достық толқынында-2026» облыстық студенттер фестивалі өтті

Өскеменде «Достық толқынында-2026» облыстық студенттер фестивалі өтті

Өскеменде «Достық толқынында-2026» облыстық студенттер фестивалі өтті. Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған фестиваль облыс орталығындағы Республика алаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Фестивальде Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары колледжінің, С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінің, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің, Өскемен медициналық-стоматологиялық колледжінің, Өскемен жоғары медициналық колледжінің студенттері және Ұлан ауданы балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері өнер көрсетті.

Сонымен қатар Қазақстан-Американдық еркін университетінің, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері қатысты.

Іс-шара соңында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов фестивальдің үздік қатысушыларын марапаттады.

Мерекелік кеш орталық субұрқақтың іске қосылуымен қорытындыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматыда қала Қоғамдық кеңесінің Құрылтайға алдағы сайлауға арналған жалпы отырысы өтті. Қоғамдық кеңес мүшесі Дмитрий Лактюшин сайлау процесінің...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық экономиканы және тиісті инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде...