Астанада «Ар адамы. Бауыржан» спектаклі сахналанды

Астанада «Ар адамы. Бауыржан» спектаклі сахналанды

Жеңістің 81 жылдығына орай, Астана қаласының Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры «Ар адамы. Бауыржан» деректі драмасын кезекті рет ұсынды, деп хабарлайды No-comment.kz - Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

«Ар адамы. Бауыржан» деректі драмасы – адамзат тарихындағы ең ауыр Екінші дүниежүзі соғысы жылдарындағы қасірет пен ерліктің, ар-намыстың және отансүйгіштіктің көркем шежіресі. Туындыда, даңқты қолбасшы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының қайраткерлік тұлғасы, жауынгерлік рухы, әділет пен адамгершілікке деген биік мұраты сахналық тілмен бейнеленді.

«Бұл іс-шара Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай ұйымдастырылды. «Ар адамы. Бауыржан» атты спектакль ерекше сахналанды.

Көрермендер де дән риза болды. Қоюшы режиссері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Жұлдызбек Жұманбай, авторы – Бақытбек Қадыр. Бауыржан Момышұлының соғыс кезіндегі бейнесін дарынды актер – Әмірхан Оразбақ, ал зейнеткерлік шағын Мәдениет саласының үздігі Айбол Шәкіржанов сомдады. Биыл екінші рет сахналанып отыр.

Аңыз адам, батыр Бауыржан Момышұлының балалық шағы, соғыстағы ерліктері, өмірлік ұстанымы көрсетілді», – деді Ә.Мәмбетов атындағы драма және комедия театрының ұйымдастыру бөлімінің менеджері Нұрғабдин Бибісара.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматыда қала Қоғамдық кеңесінің Құрылтайға алдағы сайлауға арналған жалпы отырысы өтті. Қоғамдық кеңес мүшесі Дмитрий Лактюшин сайлау процесінің...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық экономиканы және тиісті инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде...