«Астана Опера» театрында Ұлттық домбыра күніне орай көрме ашылды

«Астана Опера» театрында Ұлттық домбыра күніне орай көрме ашылды

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Ұлттық домбыра күніне орай «Басты рөлде – Домбыра» атты тақырыптық көрме ашылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Экспозиция театрдың фойесіне қойылды. Оны осы күндері қойылымға келген көрермендер мен театрға экскурсия жасаған қонақтар тамашалай алады.

Көрме театр шығармашылығындағы домбыраның маңызын айшықтайды. Бейнематериалдар мен мұрағаттағы құжаттар домбыраның театр өнеріндегі орны мен қазақтың дәстүрлі музыкалық мұрасын дәріптеудегі мәнін көпшілікке кеңінен таныстырады.

«Астана Опера» театрының репертуарындағы қазақтың классикалық музыкасы мен тарихи тақырыптарға құрылған ұлттық қойылымдарында домбыраның үні ерекше орын алады. Солардың қатарында Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай», Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» опералары және өзге де қойылымдар бар. Бұл туындыларда домбыра кейіпкерлердің болмысын ашып, дәуір тынысын сезіндіріп, сахнадағы оқиғаны ұлттық рухпен сабақтастырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Үкіметі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (ЖИЦДМ) арқылы елімізді технологиялық тұрғыдан трансформациялауға...

Цифрландыру жылы аясында Қазақстанның энергетика саласында заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары жалғасуда. Энергетика министрлігі...