Түркістан облысында ортақ жайылым аумағы артып келеді

Түркістан облысында ортақ жайылым аумағы артып келеді

Түркістан облысында жайылым қорын молайту – өте маңызды әрі жауапты мәселе. Бұл ретте Мемлекет басшысының ортақ жайылым көлемін арттыру туралы тапсырмасына сәйкес біршама жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Жалпы, Республика бойынша мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді айналымға енгізу барысында ауылдық әкімдіктерге жергілікті халыққа мал жаю үшін бекітілген 1 млн 891,1 мың гектар жайылым жерлердің 26 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Облыстағы жайылым тапшылығы 2023 жылдың басында 2 млн 122,2 мың гектарды құраған болатын. Жергілікті атқарушы органдармен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылға шартты мал басы 843,1 мың болса, ал жайылым тапшылығы 608 мың гектарды құрады. 2024 жылға ортақ жайылым көлемін 304 мың гектарға ұлғайту жоспары бекітіліп, бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, 64 мың гектар жерді ортақ жайылымға қайтару жоспарланып, 1 қарашадағы жағдай бойынша 49,1 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

Сондай-ақ, жалпы ортақ жайылым қажеттілігін төмендету бойынша шалғайдағы маусымдық жайылымдарды ұйымдастыру, мал бордақылау алаңдарын ашу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Биыл шалғай аймақтардағы маусымдық жайылымды ұйымдастыру арқылы ортақ жайылым қажеттілігі 95,5 мың гектарға төмендетілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...